Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан республикалық жол жабылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Петропавл қаласы Заречный кентіне кіреберіс жердегі республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолын 2 рет тасқын су шайып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші рет басқан тасқын судың ұзындығы 200 метрді, тереңдігі - 90 сантиметрді құрайды. Екіншісінде ұзындығы - 400 метр, тереңдігі - 60 сантиметрге жеткен. Автокөліктердің қозғалысына тыйым салынып, ескерту белгілері қойылды. Жергілікті полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр. Заречный кентінің  жергілікті маңызы бар тасжолды да су басты, оның ұзындығы 200 метрді, тереңдігі 50 сантиметрді құрайды.

null 

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылына жақын жердегі жергілікті маңызы бар автожолды түнде ұзындығы 500 метрді және тереңдігі 40 сантимерге жететін тасқын су шайып кетті. Жолдың барлық бөлігі жабылып, полицейлер мен арнайы техника күзетіп жатыр.

«Петропавл қаласында, Хромзавод кентінде жергілікті атқарушы органдардың көмегімен биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 50 метр болатын бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте облыс бойынша су басқан үйлер тіркелмеді. Қызылжар ауданы Боголюбово ауылында халықты және үй малдарын алдын ала эвакуациялады. Бұл жерде 7 ауланы су басты. Надежка ауылында бір аула су астында қалды. Вишневка және Бишкөл ауылдарында төрт түлік мал қауіпсіз жерге айдалды. Заречный кентінде де тұрғындар алдын ала эвакуацияланып, үй жануарлары қауіпсіз жерге айдалды», - деді баспасөз қызметінде.

null 

Қазір Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі бақылауға алынып, бақылау бекеттері қойылды. 

Соңғы жаңалықтар