Солтүстік Қазақстанда «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі жұмыс істеуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Кеңсе Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде орналасқан. Ауқымды жобаға 10 адам тартылып отыр. Жобаның мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты бағыттарды іске асыру. Құмар Ақсақалов ұлттық құндылықтарды жандандыру Елбасы мақаласының өзегі екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда аймақтық мәдениет мен тарихтың рөлін түсінуде жаңа көзқарастың керек екені анық. Біздің мемлекет жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыра отыра, елге деген сүйіспеншілікті алдыңғы қатарға қою қажет. Туған жерге деген махаббатты сіңіру де аса маңызды іс».

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраеваның айтуынша, жобалау кеңсесі төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: «Атамекен», «Ақпарат толқыны», «Тәрбие және білім» және «Рухани қазына». Бұл салалар бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 5 дөңгелек үстел, 4 конференция, бір форум,  5 көрме, 11 зерттеу экспедициясы, сондай-ақ флешмобтар мен ауқымды акциялар өткізілді. Кеңсе қызметкерлері әлеуметтік желілерде де белсенді ақпараттық науқан жүргізіп жатыр.

«Рухани қазына» бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Туған жер»,  «Қазақстанның киелі жерлері» және «Қасиетті Қазақстан» сынды ауқымды жобалар бар. «Рухани қазынаның» басты мақсаты - тұрғындар арасында жергілікті тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықты ояту. «Тәрбие және білім» бойынша «Өлкетану», «Отаным - тағдырым» және «Саналы азамат» жобалары жүзеге асады. «Ақпарат толқыны» бойынша жобалар саны тоғызға жетті. «Атамекен» жобасының көздегені - азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, еріктілер, меценаттар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарды жергілікті халықтың мәселелерін шешуге шақыру және соны ұйымдастыру. Өңір басшысы «Атамекен» жобасына ерекше мән беріп, оның аясында белгілі жерлестерді меценат ретінде тарту керектігін баса айтты. 

Соңғы жаңалықтар