Солтүстік Қазақстанда облысында осы аптада екі жасөспірім суға кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 13 жастағы ер бала суға батып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға Петропавлдың 20-шы шағын ауданында Есіл өзенінде орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004 жылғы бала шомылуға рұқсат етілмеген жерде ересектердің бақылауынсыз суға түскен. Оның мүрдесі судан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұл СҚО-да апта ішінде суда бала қайтыс болған екінші жағдай. Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданындағы көлде 13 жастағы қыз суға батып кеткен. Жыл басынан бастап өңірде барлығы 7 адам суға кеткен.

Соңғы жаңалықтар