Солтүстік Қазақстанда көл жағасына бес тонна балық шығып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының барлық әлеуметтік желілерінде Мамлютка ауылында орналасқан көлде балықтардың жаппай жағаға шығып қалғаны бейнеленген суреттер тарап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жарияланған суреттер мен видеоларда бейнеленгендей, толқынмен жағаға шығып қалған өлі балықтарды жергілікті тұрғындар жинап жүр. Әлеуметтік желі қолданушылары балықтардың қандай да бір ауруға шалдығып, жаппай қырылғанын және оларды өңір тұрғындары пайдалануы мүмкін екенінен қауіптенуде.

Көлдің қараусыз қалғаны анықталды. Бұл көлді басшылыққа алу үшін бірнеше рет конкурсқа қойылған. Алайда, ниет білдірушілер табылмаған. Жағалауға шамамен бес тонна балық шығып қалды. Алдын ала деректер бойынша, олар тұншығып өлген.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынының ахуалы жөніндегі күн сайынға брифингте Мамлют көліндегі балықтарға сараптама жүргізіліп жатқанын айтты. Оның нәтижесі кейінірек хабарлады.

«Көл өте таяз. Ол жерде аэрация бойынша қажетті жұмыстар жүргізілмеген сияқты. Қазір балықтарды тексеру үшін, қандайда бір ауруға шалдыққанын анықтау үшін сараптама жүргізілуде», - деді СҚО әкімі.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жануарлар әлемі және балық ресурстары бөлімінің бастығы Ерлан Тәшімов хабарлағандай, барлық бес тонна балық жойылады. 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК | СКО (@skopetro) Апр 23 2017 в 4:50 PDT

Соңғы жаңалықтар