Солтүстік Қазақстанда бензин өткізушілердің бағалық сөз байласуы тергелуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да   «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС,   «Гелиос» ЖШС,  «Солтүстік отын  компаниясы» ЖШС-ға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне сілтеме жасап.

Тергеуге негіз - ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағы 1-тармақшасын бұзу белгілері - нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері.

 «Субъектілердің алдын ала ақпаратына сәйкес департамент «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС,   «Гелиос» ЖШС,  «Солтүстік отын  компаниясы» ЖШС 2016 жылғы тамыз бен 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығы кезеңінде АИ-92 мен дизель отынына бірнеше рет бағаны көтергендігін анықтады. Тергеу үш ай ішінде жүргізіледі», - деді департамент басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.

ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС,   «Гелиос» ЖШС Астанада мен тиісінше Алматыда тіркелген. Республика бойынша тергеу мен жиын тіркелген орын бойынша жүргізіледі. Департамент СҚО бойынша ақпаратты береді.

Соңғы жаңалықтар