Солтүстік Қазақстан студенттері түскі асқа солдат ботқасын жеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық гвардиясының 6637-інші әскери бөлімшесінде Солтүстік Қазақстан облысының әскери-патриоттық және әскери-спорт клубтарының «Отан қорғаушы-2017» слеті өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шара 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, слеттің басты мақсаты - жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, спортқа жұмылдыру және әскерде борышын өтеуге  шақыру. Биыл жарысқа облыстың түрлі аудандарынан 13 команда қатысты. Олардың әрқайсысында алты қатысушыдан болды. Олардың арасында жоғары сынып оқушылары, колледж қатысушылары, сондай-ақ СҚО-дағы әскери-патриоттық және әскери-спорт клубтарының мүшелері бар.

«Жарыс үш кезеңмен өтті. Бірінші тур - әскерилендірілген эстафета. Жігіттер өздерін Калашников автоматын бұзу және жинау, газға қарсы құрылғымен жүгіру, жұп болып байланған аяқтармен жүгіру. Одан кейін белтемірде жарысып, финалда команда болып арқан тартысты», - деді әскери бөлімше командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Кенжеболат Балтабаев.

Петропавл теміржол көлігі колледжінің «Алғыс» командасының атынан шыққан Олег Бакшеев патриоттық клубтар слетіне екінші рет қатысып отыр.

«Белтемірде тартынуды ұнатамын, өйткені нәтижелерім жақсы. Былтыр біздің команда 3-орын алған. Колледжді бітіріп, әскери институтқа түсемін», - дейді Олег Бакшеев.

Жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Слет қатысушыларына түскі асқа солдат ботқасы беріліп, әскери техникалар көрсетілді. 

 

Соңғы жаңалықтар