Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жергілікті әртістерді қолдауды тапсырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Павлодар облысы әкімдігінің аппарат кеңесінде Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесі аясында Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндерін өткізуге дайындық шаралары талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының басшысы Зәуре Нұрмұқанованың айтуынша, іс-шараға 400-ден астам мәдениет өкілдері қатысады. Мәдениет күндері негізгі екі бөлімге бөлінген: экспозициялық-көрмелік және театралды-концерттік.

«Қазанат» ипподромы аймағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде киізден, былғарыдан, ағаш пен қыштан жасалған бұйымдардың  көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Көрмеде 700-ден астам бұйым ұсыну жоспарлануда. Келушілер қолдан жасалған заттарды  сатып алып қана қоймай, қолөнер шеберлерінің сабақтарына да қатыса алады.

Астана тұрғындары мен қонақтары Солтүстік Қазақстанның қазба байлықтары картасымен, латын қарпіндегі бірегей құжаттармен, ақын Мағжан Жұмабаевтың сирек кездесетін туындыларымен таныса алады.

«Қызылжар елі - Қазақстан маржаны» атты гала-концертте Солтүстік Қазақстанның тума-жұлдыздары - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов пен Дәурен Ғалымов өнер көрсетеді. «ЭКСПО» штабының атсалысуымен «Ринго» және «Аюми» топтары да өнер көрсетпек.

Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстаннан шыққан әртістерді республикалық деңгейге шығару үшін, оларға қолдау білдіру керектігін атап өтті.

«Жұлдыздарымызды іріктеумен, жарнамалаумен, дамытумен айналысу қажет. Олар бар, оларға қол ұшын беру керек, қолдау керек»,- деді Құмар Ақсақалов.

 

Соңғы жаңалықтар