Солтүстік Қазақстан облысының әкімі эвакуацияланған ауыл тұрғындарымен кездесті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Есіл ауданына барып, эвакуацияланған Николаевка ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Есіл ауданындағы су тасқынының жағдайы туралы Құмар Ақсақаловқа аудан әкімі Мұратбек Әбішев баяндады. Оның дерегі бойынша, Жарқайың ауылында 30 тұрғын үйге су тасқынының қаупі төніп тұр.

Николаевка ауылында 40 ауладан 114 адам эвакуацияланды.



«Үлкен Тарангүл өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр, суды азайту бұрынғы көлемде жалғасуда. Таяу күндері жағдай бірқалыпқа келеді деп ойлаймын», - деп мәлімдеді облыс әкіміне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Павел Филиппов.

Облыс әкімі Есіл ауданының басшылығына алдағы күндері болатын қолайсыз ауа райы туралы ескертіп, апатты жағдайдан аз шығынмен шығудың мүмкіншілігін қарастыруды тапсырды.

«Ең бастысы: халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, эвакуацияланған адамдардың мүлкін сақтап қалу», - деді Құмар Ақсақалов.

 

 Су басу қаупі бар аймаққа - Есіл өзенінің маңында орналасқан 11 ауыл кіреді. 

Соңғы жаңалықтар