Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің су деңгейі төмендетілуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) бастығы Ерік Сарыбаев бастаған жұмыс тобы Камышлов сайында тексеру жүргізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы күтіліп отырған тасқын судың залалын азайту үшін су деңгейін төмендету шаралары жүргізіліп, аса қауіпті нысандардағы жағдай ұдайы бақылауда.

Есіл аудандық әкімдігінің көмегімен суды өткізу арналарын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Департамент мамандары жасалған жұмыстың нәтижесімен танысып, Камышлов сайының маңында орналасқан өзендердегі су деңгейін өлшеді.



«Үлкен Тарангүл көліндегі арнаны кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп, судың деңгейін 2 есеге - 3 текше метрге дейін азайтты. Бұл осы жердегі су тасқынының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деп түсіндірді Ерік Сарыбаев.

Ол судың деңгейі көлдерде де, Камышлов сайында да тәулік бойы бақылауға алынады деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар