Солтүстік Қазақстан облысында көкөніс егу жұмыстары аяқталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдары картоп пен көкөністерді отырғызу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Картоп 27,5 мың га, көкөністер 5,3 га жерге отырғызылды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, дәнді және бұршақдәнді дақылдар 2,6 млн га-ға немесе жалпы аймақтың 89,1 процентіне, майлы дақылдар 591,3 мың га жерге егілді. Бұл жоспарланған ауқымнан 83 процентке көп.

Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы жалпы егістік аймағы 4,2 млн га құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар 3 млн га-ға жуықтайды. Майлы дақылдардың егістік аймағы биыл 39 процентке артып, бұл көлем шамамен 700 мы га-ды құрады. Бұршақдәнді дақылдар 130,5 мың га егіледі.

Соңғы жаңалықтар