Соловьева: Өңірлерде қоғамдық кеңестерді әкімдіктер жанынан құрған жөн

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлердегі қоғамдық кеңестерді әкімдіктер жанында құру керек. Бүгін «Аймақ» өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының төрайымы Айгүл Соловьева осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен қоғамдық кеңестер мәслихаттар жанында болуы тиіс деген тұжырыммен келісе бермеймін. Себебі бұл тұрғыда екі палаталы мәслихат  деген ой келеді. Қоғамдық кеңестер тәуелсіз болуы тиіс немесе әкімдіктер жанынан құрылуы керек деп санаймын. Өйткені олар кеңес бере отырып, атқарушы билік органы қалыптастыратын бағдарламаларға жұмылдырылады. Орталық деңгейде дұрыс шешім жасалған, яғни қоғамдық кеңестер орталық огандар жанында құрылған, ал өңірлік деңгейде оларды мәслихаттар жанына жұмылдырған», - деді ол «Үшінші жаңғыру аясындағы конституциялық реформа» атты дөңгелек үстел барасында.

Осы орайда ол мәслихаттар дербес болуы тиістігін және жаңғыру үдерістерін жүзеге асыру үшін қоғамда болып жатқан процестерге тиісті іс-қимылдар жасауы керектігін айта келе, өңірлік дейгейде мәслихаттар әкімдіктерден тиісті дәрежеде арақашықтықты сақтауы қажет екенін түсіндірді.

Оның пайымынша, жаңғыру - дамудың белгілі бір векторын айқындап отыр және осы бағыттағы қадамдарға азаматтық қоғам да белсенді қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар