Сочиде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің Сочиде өткен отырысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары ТМД қызметінің түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге бағытталған құжат жобаларын қарады.

«Сыртқы істер министрлері шағын құрамда күн тәртібін - отырыс регламентін бекітті және бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Достастыққа мүше мемлекет басшыларының отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы мәлімдемесінің жобасы туралы шешім қабылданды. Мәлімдемені қатысушылардың барлығы қолдады. Сонымен қатар ТМД Атқару комитетіндегі 2018-2020 жылдарға квоталық лауазымдар бөлінісі туралы шешім қабылданды. ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылғы 6 сәуірде Минскіде (Беларусь Республикасы) өткізу туралы шешім қабылданды. Бұдан тыс, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2019 жылды Кітап жылы, 2020 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы деп жариялау туралы шешім қабылданды. Сыртқы істер министрлері қалған құжаттарды жоғары деңгейде дайындалғандықтан, талқылаусыз қол қоюға келісті», - деп мәлімдеді ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.
null

ТМД сыртқы саясат ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің арасындағы өкілеттіктердің арасын белгілеу туралы, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ереже туралы, Достастықтың Экономикалық кеңесі туралы ереже туралы шешімдерінің жобаларын да мақұлдады.

null

Соңғы жаңалықтар