СҚО тұрғындарының аулалары судан тазартылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу шаралары жасалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс аумағында ауа температурасы көтеріліп, қар еріп жатыр. Ауыл шетінен, тұрғын үй аулаларынан су сорғыту жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерде су ағатын жыралар тазаланды. М.Жұмабаев ауданындағы Беняш ауылында бөгет нығайтылды. Мәмлүт ауданында Мәмлүт көліндегі су деңгейін төмендету үшін суды Плотское көліне ағызу мақсатында «Петропавл - Қостанай» автожолы арқылы арық қазылды.

Шал ақын ауданындағы бірнеше ауылда жер қазу жұмыстары жүргізілді. Есіл бойы ауылдық округінде суды ағызу үшін Шортанды көлінен 100 метрге дейін жер қазу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар облыстық маңызы бар КТ-39 «Повозочное-Баян-Архангелка» автожолының жол төсемдерін сақтандыруға мүмкіндік береді.

«Жақын маңдағы көшелерді су басу қаупін азайту үшін наурыз айынан бері М.Жұмабаев ауданындағы Булаево аудан орталығы маңындағы, Мәмлүт ауданындағы Мәмлүт көлі және Қызылжар ауданындағы Бескөл маңында орналасқан аумақтарда су сорғыту жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 170 елді мекенде 19 мың текше метрден астам су сорғытылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы тұрақты, еріген қар суларының тұрғын үйлерге зақым келтіру жағдайлары тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар