СҚО полицейлері зейнеткерлер қорына 7 млн теңгеден астам қаражат аударады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір күндік жалақыларын ардагерлер қорына аударады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеевтің ақпаратына сәйкес, ардагерлік есепке 7 миллион теңгеден астам қаражат түседі. Бұл қаражаттан ведомство ардагерлері материалдық көмек алады. Егде жандардың өмір сапасын жақсарту шараларын өткізеді.

Астанада турлар ұйымдастыру, ведомстволық шипажайға ақсақалдардың баруы, қайырымдылық шаралар өткізу дәстүрге айналды.

«СҚО ІІД бастығы полиция генерал майоры Берік Біләлов көктемгі кезеңде полицейлерді облыстың барлық елді мекендерінің көшелерінде абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз етуге бағыттамақ», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

СҚО полицейлері зейнеткерлер қорына 7 млн теңгеден астам қаражат аударады.

Өткен сенбіде алғашқы жалпы қалалық сенбілік өтті.

 

Соңғы жаңалықтар