СҚО полицейлері салғырт ата-аналарды түрмеге отырғызуды ұсынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД құқық қолдану тәжірибелерінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диалогтық алаңда практиктер мен заңнама жасаушылар, ғылым қайраткердері мен алдыңғы қатарлы заңгерлер кездесті.

Конференция барысында ювеналдық полицейлердің, учаскелік полиция инспекторларының және жол-патрульдік қызметтің күнделікті қызметінде туындайтын мәселелер аталды.

Жиынды өткізуге дайындық кезінде бірқатар өзекті мәселелер және заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жүйеленді.

Олардың бірі - өз міндеттерін орындамаған ата-аналар жауапкершілігі. Қазір бұл құқықбұзушылық үшін қылмыстық сот ісін жүргізу аясында жауапқа тарту көзделген. Солтүстік Қазақстан жергілікті полиция қызметкерлерінің пікірінше, ата-аналардың көпшілігі қылмыстық құқық бұзушылар тобына жатады.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл бап бойынша басталған көптеген тергеулер ақталу негізінде тоқтатылған. Және ата-аналар ешқандай жауапқа тартылмайды. Әкімшілік жауапкершілік көпшілігі үшін қалыпты жайтқа айналып кетті.

Тағы бір өзекті мәселе - қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, мас күйінде келу және қоғамдық орындарда тиісуге қатысты баптар санкциясының өзгеруі. Қазір оларға айыппұл салу қарастырылған. Полицияның айтуынша, мұндай құқықбұзушылық бойынша көбінесе тұрақты жұмысы жоқ немесе алкогольді ішімдікке тәуелді азаматтар ұсталады. Фактілерге сүйенсек, бұл жерде жазаның міндетті түрде қолданылу принципі еш орындалмайды, себебі айыппұлдар сол күйі төленбей қалады. Тәртіп сақшылары айыппұлдық жаза түрін қоғамдық жұмыстарға немесе әкімшілік қамауға ауыстыруды ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар