СҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа бастық тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловты таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тішісі.

Рамиль Камалов  1976 жылы дүниеге келген,  Торғай облысы Есіл ауданы Красногорский кентінің тумасы.  1996 жылы ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін  «өртке қарсы қорғаныс техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Қызметін Ақмола облыстық ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №84 дербес әскерилендірілген өрт бөлімінің мемлекеттік өртті қадағалау инспекторы лауазымынан бастады. ҚР ІІМ ТЖК орталық аппаратында басқарма бастығы болған.   

Мемлекеттік өртті бақылау, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын басқару саласында тәжірибесі мол.

Қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар