СҚО-ның Мәдениет және мұрағат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қаулысымен Рахимов  Ермек Анатольевич Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл жайлы СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ермек Анатольевич 1984 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын, Лондон университетін «опера әншісі», «өнер магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласындағы «Болашақ» қауымдастығының бас менеджері, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметтерінен бастады.

2011 жылы Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қорының директоры қызметіне тағайындалды. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қоры директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Астана қаласындағы ұлттық картиналар галереясы директорының орынбасары. 2015-2016 жылдары Астана қаласындағы мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменттің музейлер және кітапханалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымында болды.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 

Соңғы жаңалықтар