СҚО-ға қосымша 50-ден астам құтқарушы жіберілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАққпарат - Бүгін СҚО-да су тасқынына байланысты жағдайдың күрделенуіне байланысты қосымша күштер мен құралдар жіберілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Өңірге 52 құтқарушы, 11 бірлік техника, 5 су айдау және 9 жүзу құралдары, 11 медициналық қызметкер, 3 бірлік техника тартылды.
«Бұдан бұрын Ақмола облысында Орталық және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр құтқару жасақтары, республикалық жедел құтқару жасағы, Павлодар облысы ТЖД құтқару жасағы, Апат медицина орталығының қызметкерлері жіберілген. Күш пен құралдарды нығайту үшін Жамбыл облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшелері тартылды», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жасағы адамдарды, үй жануарларын эвакуациялау, тұрғындарды, почта, энергоқызметтер мен басқа ұйымдар жұмыскерлерін өткелден өткізу, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізу, су айдау, ағызу, су басуы мүмкін учаскелер мониторингін жүргізу үшін жұмылдырылды. Апат медицинасы орталығы халыққа медициналық, психологиялық көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар