СҚО-дағы 80 мектепті биыл пиролизді пештер жылытатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көмірді де үнемдеп, білім ордасының жыл сайын төлейтін экологиялық шығынын айтарлықтай төмендететін пиролиздік пештер биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы 80 мектепке орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы агенттік тілшісіне «Жасыл экономика және «G-Global» даму коалициясы» басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова айтып берді.

«Әр мектептің экологиялық шығыны жылына 700 мың теңгеге дейін жетеді. Ал пиролизді пештерді қолдана бастағаннан кейін бұл шығын 7 мың теңгеге дейін қысқарады», - дейді Салтанат Рахымбекова.

Оның айтуынша, соңғы 4 жылда Қазақстанда жасыл технологияларды шығарумен айналысатын көптеген кәсіпорындар өздерінің өнімділігін арттыра түскен. Мәселен, Қарағанды, СҚО мен Павлодар облыстарындағы үш кәсіпорын пиролизді пештерді шығаруды көбейткен.

«Теміртау қаласында пиролизді пештерді шығаратын «Петров» кәсіпорыны бар. Сондай-ақ, СҚО-дағы «Сакранат» ЖШС жұмысын күшейтіп жатыр. Кәсіпорынның жетекшісі Әлтайыр Сыздықов 80 мектептің жыл соңына дейін жылу жүйесін өзгертіп, білім ордаларына пиролизді пештерді орнатуды жоспарлауда. Алдағы 3-4 жылда 80 мектепке кететін шығынды кәсіпорын үнемдеудің арқасында ғана қайтарып алуды жоспарлап отыр. Демек, мемлекеттік бюджетке ешқандай шығын келмейді», - дейді ол.

Салтанат Рахымбекованың сөзіне сүйенсек, пиролизді пештер әлеуметтік нысандарда жағылатын көмірдің мөлшерін үш есеге азайтады. Аталған екі облыстан бөлек, Павлодар облысында 20 мектеп пиролизді пештермен жылытылады.

Соңғы жаңалықтар