СҚО-дағы 4 елді мекеннің тұрғындары үйлеріне оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің көтерілуіне байланысты көшірілген Большая Малышка, Барневка, Ольшанка және Долматово ауылдарының тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Қазір судың деңгейі түсіп, тасқын қаупі сейілген. Дегенмен шұғыл құтқару жасағы жағдайды қатаң қадағалайды. Мамандар арнасы толған Есіл өзенін сағат сайын бақылап, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Тұрғындарға ескерту жасалды. Техникалар дайын. Полицейлер де күні-түні кезекшілік етеді. Көмекке Астана және Павлодар қалаларының құтқарушылары да келген.

Айта кетейік, кеше Есіл өзені арнасынан асып, қауіпті аумақтардан 160-тан астам адам көшірілген болатын.

«Келгелі адамдарды эвакуацияладық. Судың деңгейі бүгін 2 сантиметрге түсті. Адамдарға көмек көрсетеміз. Қаппен құм тасып, сол суды тоқтатудамыз. Барлық жұмыстарды атқарып жатырмыз», дейді құтқарушы Нұрболат Додай.

Соңғы жаңалықтар