СҚО-да жыл басынан 67 жемқорлықпен байланысты қылмыстың беті ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша тізім соңында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» АА тілшісі ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап.

СҚО әкімдігінде өткен жиында Алик Шпекбаев өңірдегі шаруаны ғана емес, сонымен қатар жемқорлықпен күрестiң әлемдiк тәжiрибесi, жемқорлыққа қарсы заң нормалары, жазалау шаралары жөнiнде баяндады. Ол ведомство өз жұмысында жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтардың алдын алуына үлкен мән беретінін жеткізді.

«Бiздiң мiндетiмiз - мемлекеттiк қызметкерлер, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Қоғам жемқорлықты жоюға жаппай жұмылғанда ғана жеңе алады», - деп санайды Алик Шпекбаев.

СҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң қорытындысы бойынша өткен жылы 96 қылмыс тiркелсе, биыл олардың саны 67-нi құраған. Биыл жемқорлық қылмысы бойынша Айыртау және Тайынша аудандары, Петропавл қаласы көш басында.

Сондай-ақ, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық бойынша жүргiзiлген әлеуметтiк сауалнама нәтижесiне сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы соңғы орында екенiн атап өттi.

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов өңірде жемқорлыққа қарсы кешенді шаралар үнемі атқарылатынын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы көлеңкелi экономиканы болдырмау стратегиясын жүзеге асыру аясында әкiмшiлiк-территориялық бiрлiк әкiмдерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия жұмыс iстейдi», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар