СҚО-да төбелесте атысқан жігіттердің біреуін полиция ұстады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Сенбі күні түнгі клуб алдындағы атысқа қатысушылардың бірін солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«29 шілде күні түнде «Парк Сити» түнгі клубының алдында зақымдаушы қару қолданылған жанжалды оқиға болды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлімімен (Бұзақылық) қылмыстық ісі қозғалып, оған қатысушыларды 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Оқиғаға қатысушы екі жігітке іздеу жарияланды. Олардың біреуі - Қызылжар ауданының 20 жастағы тұрғыны облысқа қарасты аудандардың бірінен табылды. Екіншісі іздестірілуде. Жедел іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр», - дейді СҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Мәдина Балғашоқова.

Айта кетейік, Петропавлда бір тәулік бұрын екі атыс болды. Соның салдарынан оқ тиген 19 жастағы қала тұрғынының аяғын кесуге тура келді.  

Соңғы жаңалықтар