СҚО-да шенеуніктер субсидияны беруде заңсыздықтарға жол берген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Этика жөніндегі кеңесте субсидия төлеу кезінде бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірнеше іс қарады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

М. Жұмабаев ауданы прокурорының орынбасары Қайсар Әбішев өзінің ведомствосы «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне тексеру жүргізгендігін айтты. Тексеру барысында өткен жылы бөлім басшысы Әлібай Құсайынов пен бас маман Дәуіт Сүлейменов ауданның екі фермерлік шаруашылығының  13 бас малын екі рет субсидиялауға жол бергені анықталды. Салдарынан бюджеттен 234 мың теңге негізсіз төленген. Осы бөлімде бірнеше ауыл шаруашылығына байланысты субсидия ала алмаған фактілер де анықталды.

 «Отандық  асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу үшін бір мал басына 154 мың теңге қарастырылған. «Луч» шаруа қожалығы (симментал, қызыл далалық) 27 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға өтінім берген.  Алайда бөлім қызметкерлері 3,3 млн теңге көлемінде субсидия сомасын анықтады. Ал субсидия сомасы 4,1 млн теңгені құрауы тиіс болған. Осылайша «Луч» шаруашылық қожалығы 770 мың теңгені жеткізбей алған», - деді аудан прокурорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар