СҚО-да сәлемдеме супермаркетi ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов алғашқы сәлемдеме супермаркетi мен жаңғыртылған «Қазпошта» АҚ СҚОФ орталық операциалық учаскесiнiң ашылуына қатысып, құрылымдық бөлiмше өкiлдерiне жаңа автокөлiктердiң кiлттерiн табыстады.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Солтүстiк Қазақстандық облыстық филиалы өңiрдiң 700 елдi мекенiне қызмет етедi. Пошта саласында әрдайым қызметтiң жаңа түрлерi енгiзiледi, халыққа қызмет көрсету сапасы жақсарып, қызмет түрлерi кеңейтiледi»,- дедi облыс әкiмi.

Өз кезегiнде «Қазпошта» АҚ Басқарма басшысы Бағдат Мусин өз сөзiнде жаңғыртылған пошта бөлiмшелерi елiмiздiң қалалары мен ауылдарында ашылатынын атап өттi.

Сондай-ақ, өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне GPS құрылғыларымен жабдықталған жаңа автокөлiктердiң кiлттерiн табыстады.

Кейiн өңiр басшысы мен iс-шара қонақтары сәлемдеме супермаркетi мен жаңғыртылған орталық операциалық учаскесiнiң жұмысымен танысты.











Соңғы жаңалықтар