СҚО-да Есіл өзені арнасынан 9 шақырымға дейін жайылып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚАЗАҚПАРАТ - Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің деңгейі арту үстінде, деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

Өңірдің басты өзенінің тасуынан қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавлдың жағаға жақын орналасқан шағын аудандары зардап шегуде. Облыс орталығында төтенше жағдай кеше жарияланды, бүгін Қызылжар ауданында енгізіліп отыр.
null  

Жаңа бөгет өзіне жүктелген міндетті әзірге атқарғанымен бұл жерде де су арнасынан асуға таяған. Өткен түні оның бір бөлігінің шайылып кету қаупі туындап, дер кезінде шаралар қолданылды. Әйтпегенде, су басу аумағы бірнеше есе артар еді.
null  

Кожзавод ауылындағы Рыжов көшесінің су астында қалған бөлігі қазір Венецияны еске салады. Мұндағы су деңгейі үйлердің терезелеріне жеткен. Шаруашылық жайлар су астында, тіпті, кейбірі техникаларын да алып үлгермеген. Адамдарды «вахтовка» аталып кеткен жүк көліктерімен тасымалдауда. Көптеген адамдар өз өмірлерін қатерге тігіп, үйлерін тастап кетуден бас тартып отыр. Ауылда күндіз-түні құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілікте жүр.
null  

Облыс әкімінің айтуынша, су деңгейінің көтерілуі тоқтай сала су басқан аумақтар қоршалып, су сорғыу жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен аумақтарға бүкіл техника жеткізіліп, комиссия материалдық шығын көлемін есептемек.
null  

«Өткен тәулікте су деңгейі тағы 34 сантиметрге көтерілді. Су әлі де көтерілу үстінде. Өзеннің арнасы кей жерлерде 9 шақырымға жетті. Су жазғы деңгейінен 9 метр жоғары. Орасан көп су Сергеев су қоймасынан келді. Облыс бойынша 171 үй су астында қалды, аулалар одан да көп. Бөгетті нығайту жұмыстары түні бойы жүргізілді», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
null  

Ең жоғарғы су деңгейі бүгін кешке болады деп күтілуде.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар