СҚО-да ерлі-зайыптылар суға батып кете жаздады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Учитель» саяжай қоғамынан резеңке қайықпен келе жатқан ерлі-зайыптылар суға батып кете жаздады, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Черкасов көпжылдық тәжірибесінің арқасында жағдайға жедел ден қойып, батып бара жатқан қайыққа жүзіп барған. Санаулы минутта зардап шеккендердің қайығы суға батып кетті. Жағаға шыққаннан кейін жүзу құралы кедергіге тап болып, зақымданғаны анықталды.

Құтқарушылар су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік қағидалары туралы ескертеді. Су басуы мүмкін саяжайларда балаларды қараусыз қалдырмауды, су қоймаларының жанында ойын ойнауға тыйым салуды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар