СҚО-да екі әйел 82 жастағы зейнеткерді соққыға жығып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында екі әйел зейнеткерді аяусыз соққыға жығып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 82 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп,  әр түрлі затты ұсынады. Кенеттен егде әйелге  бас салып, одан ақша талап етеді. Артынша ыза буған екеуі зейнеткерді соққыға жығып, оның заттары мен әмиәнін жымқырып кетті. Орнынан басын әрең көтерген жәбірленуші көршісі арқылы полиция шақырған.

Ауылда орнатылған камера арқылы полиция капитаны Жандос Ғабдрашитов  қызыл түсті ВАЗ-2109 маркалы көлікті анықтап, АІІБ бастығына қоңырау шалады. Дереу ұстау шаралары қабылданып, бөлімнің тергеу жедел тобы жолға шықты. Бірнеше минуттан кейін Челябі-Новосібір күре  жолынан көлік ұсталады. Жүргізушіден басқа онда 2 әйел және 6 жастағы қыз болды. Біреуінен ақша, ал пакеттен зейнеткердің  ұрланған заттары табылды. Факті ҚО ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Қылмыс ізінше ашылды, - деді полиция басшысы. Баспасөз қызметінде ірі сауда орын иелерімен тағы 46 видеокамера орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендігі атап өтілді. Жыл басынан бастап видеобақылау желісінің көмегімен ауданда 12 қылмыс ашылып, 128 заң бұзушылық анықталды.

Соңғы жаңалықтар