СҚО-да басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Валерий Затайға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу барысын процессуалдық прокурор өз бақылауына алды, деп хабаралйды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шенеунік пара алды деген күдікке ілінді. «Жарияланбайтын тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 21 қыркүйек күні СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы В.А. Затай 1500 доллар пара алу кезінде ұсталды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады прокуратурада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 2-бөлімі 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 

Соңғы жаңалықтар