СҚО-да аудандық ІІБ-нің экс-басшысы бес жылға сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық сотында Тайынша ауданы ішкі істер бөлімінің бұрынғы басшысы Петр Мартынюкке қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұрынғы полицейге ҚР ҚК 190-бабы 3 бөлігінің 1,2 тармақтары «Алаяқтық» бойынша айып тағылды. Тергеу материалдарынан келтірілген деректерге сүйенсек, аудандық ІІБ басшысы лауазымында жүріп ол Е.Антаевқа қатысты қылмыстық істі жеңілдетіп бермекші болған. Өз қызметін асыра пайдаланған тәртіп сақшысы ұсынған «қызметі» үшін Е.Антаевтің ағасынан 1,8 млн теңге талап еткен.

«ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігінің 1,2 тармақтары «Алаяқтық» бойынша кінәлі  деп танылған Петр Мартынюкке мүлкі тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы шеттетіліп, «полиция полковнигі» арнайы  шенінен айырылсын», - деп Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин үкімді оқыды.

Соңғы жаңалықтар