СҚО-да аналогтық телехабар тарату уақытша тоқтатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының радио және теледидар станцияларынан цифрлық эфирлік хабар таратуды (ЦЭТТ) енгізу жоспарланып отыр. Бұл «Қазақстан Республикасының сандық хабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы аясында іске аспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазтелерадионың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ЦЭТТ енгізу нәтижесінде Петропавл тұрғындары 30-ға дейін телеарналарға қол жеткізе алады, ал облыстық орталықтан алшақта орналасқан елді мекендер 15 телеарнаны көруге мүмкіндігі болады.

«Цифрлық технологиялық жабдықты орнатуға байланысты жүргізілетін монтаж жұмыстарына орай 24 сәуірден 16 - мамырға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында аналогтық телехабар және радио тарату сигналдары уақытша ажыратылады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар