СҚО-да 25 полковник велосипед жарысына шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Қазақстан полициясының және ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай велосипед жарысы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін «Динамо» стадионында облыстың ішкі істер органдарының басқарушы, орта және кіші құрамдарының 75 қызметкері, сондай-ақ 25 полиция полковнигі жиналды. Олардың қатарында әйелдер де бар.

СҚО ІІД штабының басшысы, полиция полковнигі Сәуле Андағұлова полиция саласында 25 жыл қызмет атқарып келеді.

«Бүгінгі веложарыстың мақсаты бәрінен бұрын салауатты өмір салтын насихаттау. Біз осы ісімізбен жас полиция қызметкерлеріне үлгі көрсетіп, спортпен шұғылданудың маңыздылығын түсіндіргіміз келеді. Мықты денсаулық пен дайындық біздің негізгі жұмысымыз. Ол азаматтардық құқықтық тәртібін және қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі», - дейді полиция полковнигі.

Сәуле Андағұлова үшін 2017 жылдың маңыздылығы жоғары. Ол 25 жыл бұрын ол ішкі істер органына жұмысқа кірген.

Айта кетейік, С. Андағұлова - департамент тарихында штаб басшысы қызметін атқарған тұңғыш әйел. 

null

null

null

Соңғы жаңалықтар