СҚО-да 24 жыл бұрынғы өлімге қатысты іс ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жылдар бойы ашылмаған қылмыстар санатына жататын істерді назардан тыс қалдырмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Думан Таевтің айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері 3 аса ауыр қылмыстың бетін ашқан: 1993 жылы Тайынша ауданында жасалған кісі өлімі; 1988 жылы Айыртау ауданында адам өміріне жасалған қастандық және аса ірі көлемдегі есірткі заттарын саудалау.

Сонымен қатар, 26 ауыр қылмыс әшкереленді. Солардың қатарында  адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге қатысты 3 дерек, 2 қарақшылық шабуыл, 8 тонау қылмысы.

«Ауыр қылмыстардың бірі 2016 жылы М.Жұмабаев ауданында жасалған қарақшылық шабуыл болды. Бетперде киген белгісіз екі азамат Октябрское ауылы тұрғынының үйіне шабуыл жасаған. Олар үй иесін ұрып-соғып, байлап, жерқоймаға жасырып кеткен. Олардың олжасы сейфтен ұрланған ақша, екі аң аулайтын мылтық, пневматикалық винтовка, оқ салғыш және оқтар болды. Бірнеше тәулік ішінде жедел қызметкерлер мен құтқарушылар көлдегі мұзды жарып, қылмыскерлер суға батырып жіберген қару-жарақты алып шығу үшін мұздай суға сүңгіді. Және тапты да. Булаево аудан орталығының екі тұрғыны ұзақ мерзімді қамауға алынды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері өткен жылдарда жасалған 627 қылмыс ашылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 42,5%-ға артық.  

Соңғы жаңалықтар