СҚО әкімі тағы бір су қоймасын салуды ұсынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданынға жасаған жұмыс сапары барысында Рузаевка ауылына барып, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Владимир Дудов келтірілген залалға қарамастан, 119 отбасыға 96 мың теңге төленгенін айтты.

Кейбір тұрғындардың қажетті құжаттарының болмауына қарамастан , барлығына аз уақыт ішінде өтемақы берілген. Қираған 10 үйдің иелеріне үй сатып алып берілді. Үйлері қатты зардап шекпеген Рузаевка ауылының тұрғындарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық қолдау көрсетілді.

«Сіздердің ақша, пәтер алғандарыңызбен бұл жұмыс аяқталмайды. Кеше бұл мәселе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің Үкіметінде қаралды. Себебін іздеді. Оның себебін біз де білеміз - биыл қар 1,5-2 есе көп жауды, оның еруі баяу болды, оған қоса Сергеевский су қоймасына су 1,5 есе көп келді. Осыны болдырмау үшін Ақмола облысында тағы бір су қоймасын салу туралы ұсыныс білдірдік. Қазір бұл мәселе қаралуда, ол шешіледі деп үміттенеміз. Петропавлдағы тері зауыты ауданында бөгет саламыз, оның ұзындығы 2,5 шақырым болады», - деді Құмар Ақсақалов. 

Соңғы жаңалықтар