СҚО әкімі Рузаевка ауылындағы су тасқынының зардаптарымен күресуге шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Мүсірепов ауданы Рузаевка ауылындағы сенбілікке қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен бірге зардаптарды жою үшін және ауылды абаттандыру үшін облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен Новоишимское ауылының тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі табиғи апаттан зардап шеккен үйлерге барып, үй иелерімен әңгімелесті.

 

«Қуанышты да, қайғыда да бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біздің бірлігіміздің арқасында барлық мәселелерді шеше аламыз. Арнайы құрылған комиссия өз жұмысын аяқтады. Сейсенбі күні мәліметтерді аламыз. Өткен жолы уәде еткеніміздей, бір ай бойы барлық қажетті көмекті көрсетеміз», - деп уәде етті Құмар Ақсақалов.

Ол облыстағы жағдайға бірқалыпты деп баға берді. Сергеевский су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп жатыр. Шал ақын және Есіл аудандарындағы елді мекендерді су басу қаупі сейілді. Бүгін Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына су келеді деп күтілуде. Облыс әкімі, кез келген жағдайға дайын екендіктерін жеткізді.

 

Ауылға үздіксіз гуманитарлық көмек машиналары келіп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттары бұл жолы ауыл тұрғындарына тұрмыстық техникалар, азық-түлік, құрылыс материалдарын, заттар мен кеңсе тауарларын алып келді. 

Соңғы жаңалықтар