СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жастармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңір жастарын облыс орталығындағы көне бақты жобалауға қатысуға шақырды, деп хабарлайды СҚО әкімі баспасөз қызметі.

«Петропавл қаласының ортасында бақ бар. Соны жобалауға қатысуға шақырамын. Бұл бақ жастар үшiн болсын десеңiздер, бiз қаржы бөлуге әзiрмiз. Оның қалай болу керектiгi, қалай елестететiндерiңiз жөнiнде жобалар ұсыныңыздар. Бiз ертең-ақ қала әкiмiнде жиналып, сiздердiң ұсыныстарыңызды еститiн, мiндеттi түрде есепке алатын боламыз. Қандай спорттық тренажерлер, веложолдар, ойын-сауық пен демалыс орындары - бәрi сiздердiң қолдарыңызбен жасалуы керек. Қиялдаңыздар, ол бiздiң емес, сiздердiң ойларыңыз болсын», - дедi Қ. Ақсақалов.

Сондай-ақ өңір әкімі жастармен кездесу кезiнде Петропавлда Оқушылар сарайы салынатындығы жөнiнде ақпаратпен бөлісті.

Қ. Ақсақалов өз сөзінде биыл Петропавлда өз балаларымыз үшiн Оқушылар сарайы құрылысын қолға аламыз. Ол барлық талаптарға жауап беретiн, барлық IТ-технологиясы қойылатын қаладағы заманауи ғимарат болады деп атап өтті.

Жиында  облыс әкiмi кәсiби-техникалық мекемелердiң студенттерi, шығармашыл балалар ақша табу мүмкiндiгiне ие болу үшiн жағдай жасау қажеттiгiне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар