СҚО әкімі Азия ойындарының жеңімпазына пәтер кілтін табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлдағы спорт сарайында Ашхабадта өткен V Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл спорт додасында Қазақстанның атынан спорттың 17 түрі бойынша 113 спортшы сынға түсті. Үш бірдей солтүстікқазақстан спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Греко-рим күресінің шебері Данияр Каленов алтын медаль алып, велотрекші Артем Захаров күміс жүлдені еншіледі. 400 метрге жүгірген жеңіл атлетші Михаил Литвин қола медаль иеленді. Жеңімпаздарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңір басшысы облыста спорт саласына көрсетілген қолдау, құйылған қаржының арқасында спортшыларымыз әлемдік деңгейде сәтті өнер көрсетіп жүргенін атап өтті. 

«Бүгінгі таңда спорт пен салауатты өмір салты ел өмірінде үлкен маңызға ие. Спорт бүкіл ұлтты біріктіретін, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын күш болып табылады. Облысымызда спорт саласына үлкен көңіл бөлінеді. Бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, спорт нысандарды салынуда. Спортшыларымыз әлемдік деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.  

Елбасының тапсырмасына сай, бүгінгі таңда облыста салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындардың саны 30 пайызға жетті. Өңірде 170 832 адам спортпен шұғылданады. Спортпен айналысу  үшін 2 854 спорт нысаны жұмыс істейді.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов марапаттау рәсімін өткізді. Жоғары спорттық нәтиже көрсеткені үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен Данияр Каленов, Артем Захаров және Михаил Литвин марапатталды. Құмар Ақсақалов Данияр Каленовке пәтердің кілтін табыс етті. Артем Захаров 1 миллион теңге, ал Михаил Литвин 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Спортшылардың бапкерлері де қошаметке бөленді. Конысбек Түкенов, Владимир Волошин және Александр Окованцев облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Өңір басшысы Конысбек Түкенов пен Владимир Волошинге 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстаса, Александр Окованцев 250 мың теңгеге ие болды. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар