СҚО әкімі ауылдық амбулаторияларды жөндемегендерді жазалауға уәде берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің есептік кездесуінде өңір тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылының тұрғыны Валентина Наумова су тасқыны кезінде зақымдалған дәрігерлік амбулаторияның жөнделмегеніне шағымданды. Оның айтуынша, адамдар Рузаевкадан 70 шақырым қашықтықта орналасқан орталық аудандық ауруханаға баруға мәжбүр.

«Мен сол амбулаторияда болдым, тапсырма бердім! Неге оны осы уақытқа дейін жөндемеген?! Мән-жайды анықтап, шара қолданбағандарды жазалаймыз», - деп уәде берді облыс әкімі.

Бидайық ауылында көліктің болмауы салдарынан дәрігерлерді шақыра алмай отыр. Тұрғындар ауылдық амбулаторияда көліктің қашан пайда болатынын сұрады.

«Әр амбулаторияда автомобиль болуы керек. Бұл мәселені қолға аламын. Таяу уақытта шешеміз», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов. 

null 

Соңғы жаңалықтар