СҚО әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бұйрығымен Әмрин Дархан Өмірсерікұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Өмірсерікұлы 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласында дүниеге келген. 2011 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетті экономика мен бизнес бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да жұмыс істеген. 2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет еткен.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Анбаев Руслан Әкімжанұлы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар