СҚО 4 млн гектарға егін егу жоспарланып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы 4 миллион гектар жерге егін егу жоспарланған. Маңызды науқанды бастамас бұрын жергілікті дихандар бас қосып, ортақ мәселелерді пысықтады, деп хабарлайды «Астана » телеарнасы.

Дәнді және майлы дақылдардан бөлек, бұршақ тұқымдастар соңғы 3 жылда 5 есе көбейген. Теріскейліктер әлі де бидайға басымдық беруде, үлесі шамамен 70 пайызды құрайды. Шенеуніктердің айтуынша, аймақ диқандары тұқым қорымен толық қамтылған. Қоймада сақталған 490 мың тонна тұқымның 90 пайызы - бірінші және екінші сұрыпты дәндер.

Былтыр өңір диқандары 5 миллион тоннадай астық жинап, рекордты көрсеткішке қол жеткізді. Дәнді және майлы дақылдарды, ұн өнімдерін экспорттаудан 300 миллион доллар пайда түскен.
«Көктемгі дала жұмыстарының сәтті өтуі техника паркінің дайындығына тікелей байланысты. Биылғы егістік науқанына 13538 трактор, 15931 бидай сепкіш техника және 1170 жоғары өнімді кешендер қатыспақ. Бұл кешендер егістік алқаптарының 70 пайызын игереді. Бүгінде өңірде техника 95 пайызға әзір», - дері облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Соңғы жаңалықтар