Сирия халқы: Келіссөзден күтеріміз көп

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін Сирия келіссөзінен қақтығыстан қажыған жергілікті тұрғындар зор үміт күтеді, деп жазады «Хабар 24».

Дамаск халқы осы кездесу арқылы 6 жылға созылған азапты соғысқа нүкте қойылуын қалайды. Айтуларынша, осы басқосуда билік пен бүлікшілер бір үстел басына отырып, ортақ мәмілеге келуі үшін тұрғындар тілек тілеп, құлшылық қылған. Өйткені майдан бәрін мезі етті. Олар таңның тыныш атқанын қалайды.

«Мен Астанадағы кездесудің нәтижелі болғанынын қалаймын. Дағдарыс бәрімізді қажытты», - дейді жергілікті тұрғын.

«Біз елімізде зорлық-зомбылықтың тыйылып, бейбітшілік орнағанын қалаймыз. Егер кімде-кім соғысты тоқтатып, бейбітшілікті орнатуға қол созса, сол адамның, халықтың басына бақ орнайды» дейді тағы бір ел тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар