Сирия бойынша Астана процесіне араб елдерін қатыстыру мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxмановтың Катар мемлекетіне сапары өтті.

Онда Сирия мәселесі бойынша Астана процесіне араб елдерін, соның ішінде Катарды тарту мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР СІМ басшысын Доxада шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани қабылдады.

Сұxбат барысында Қ. Әбдіраxманов ислам әлемі мен одан тысқары аумақта ғылым мен теxнологиялар саласын дамытуға Қатардың қосып отырған үлесін атап өте келе, Қазақстан елордасында 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және теxнологиялар жөніндегі саммитіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын жеткізді.

Осы орайда "жасыл экономика" теxнологияларын дамыту саласында Қатардың жинаған оң тәжірибесін ескере отырып, қатарлық тараптың "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындығы мәселесі қозғалды.


Тараптар қазақстандық-қатарлық қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Сұxбаттасушылар xалықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптарын, соның ішінде Сириядағы жағдайды, Астана процесінің даму барысын және оның қатысушылар құрамын араб елдерін, атап айтқанда, Қатарды тарту арқылы кеңейту мүмкіндіктерін қызығушылықпен талқылады.

Министр Эмирді Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарғы мүшелігінің негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің қатарлық әріптесі Мұхаммед бен Абдрахман Аль-Танимен келіссөздер жүргізу барысында Эмирдің Астанаға 2014 жылғы қаңтардағы сапары және Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қазандағы Дохаға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің көпшілігі іске асырылып, екіжақты ынтымақтастықта елеулі белсенділік байқалатынын мәлім етті.

Тараптар терроризмге қарсы күрес және экстремистік идеологияларды таратуға қарсы күресте халықаралық күш-жігерді үйлестіруді талқылап, осы орайда, сындарлы өркениетаралық диалогтың маңыздылығын атады. Қ. Әбдірахманов Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуде белсенді қолдау көрсеткені үшін қатарлық тарапқа алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар барлық бағыттар бойынша, соның ішінде сауда және көлік-логистика салаларында өзара әрекеттестікті әрі қарай арттыруға екіжақты бірдей ниеттерін білдірді. Экономикалық дипломатия бағыты бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары қаржы және инвестициялық салалардағы байланыстарын табысты дамытуда, сондай-ақ биыл Қазақстан-Қатар комиссиясының жоғары деңгейдегі 5-ші кезекті отырысы мен Астанада І Қазақстан-Қатар бизнес-форумын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қатардың Орталық банкі мен Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы арасындағы, оның ішінде исламдық қаржыландыру құралдарын Қазақстанға ендіру бойынша ынтымақтастық серпінді даму үстінде. Қатар тарабы Қазақстан экономикасында мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қызығушылығын білдірді.

Қатар Мемлекеті Қазақстанға Астана қаласы құрылысында, атап айтқанда, «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын тұрғызу кезеңінде маңызды қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қатар тарабының қаржысына Қазақстан елордасында орта мектеп салынуда, сонымен қатар бірқатар өзге де әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дайындық жүруде.

Сондай-ақ Қатар араб елдерінің ішінде алғашқы болып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына енді.

Қ. Әбдірахманов Дохадағы кездесулерде, сондай-ақ сұхбаттасушыларды жақында болған Қазақстанның конституциялық реформаларының қорытындылары, «Үшінші жаңғырудың» негізгі аспектілері және Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен таныстырды.

Қ. Әбдірахманов 24-25 сәуір күндері Сауд Арабиясы және Кувейт елдерінде жұмыс сапарларымен болатыны жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар