19:04, 28 Сәуір 2017 | GMT +6
Синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде қар көшкіні жүретінін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы жерлеріндегі қардың қалыңдығына және жауын-шашынға байланысты 29 сәуір - 2 мымыр аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.
Қазгидромет қары көп беткейлерге шықпауды ұсынады.