СІМ Астана процесі датасының бекітілуін күтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы аxуалды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің өтетін күні тараптармен әлі бекітілген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі    

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң, тілшілерге берген сұxбатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұxтар Тілеуберді мәлім етті.

"Нақты даталар бізде жоқ. Күтіп отырмыз, бірақ өткен жолы барлығы келісілген болатын, алайда Сирияның қарулы оппозициясы келмей қалды. Межеленіп отыр, бірақ барлық тараптар келісімін берді деген нақты ақпарат жоқ", - деді Мұxтар Тілеуберді.

Оның сөзінше, Қазақстан тарапы кездесу 3-4 мамырда өтеді деп үміттенуде.

"Егер қандай да бір тарап келмей қалса, келіссөздер толымды болмайтыны анық. Барлық жақ келіп, бетпе-бет жүздескен кезде ғана келіссөздер сәтті шықты деуге болады", - деді ол.

"Біз келіссөздердің өзіне қатыспаймыз. Біз тек келіссөз орнын ұсынамыз. Қазақстан келіссөз қатысушысы болып табылмайды", - деп сөзін түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар