Шымкенттің орталығында жанармай бекеті жанып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталығында жанармай бекеті жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында орналасқан «Сигма» жанармай құю бекеті өртке оранды. Оқиға орнына әзірге өрт сөндірушілер жеткен жоқ. Тек сол жердегі қызметкерлер қолда бар материалдармен жалынды сөндіруге әрекеттенуде, бірақ одан нәтиже болмай жатыр. Куәгерлер жанармай құю бекетінің жанып жатқанын ұялы телефонға түсіріп алыпты. Қалай болғанда да бекеттің жанында қонақ үй мен көпқабатты үй бар. Жалынды дер кезінде ауыздықтамаса, өрт сол жаққа да өтіп кету қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар