Шымкенттегі Наурыз мерекесінде алғаш рет тазы-төбет жарысы мен шөген ойыны көрсетілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Шымкент қаласында атап өтті.  Наурыз мерекесіне орай мұнда  жаңа арбат ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шаһар тұрғындарын жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

 Мереке қаладағы Орталық атшабардағы ұлттық спорт ойын түрлерінен өткен жарыспен жалғасты. Атап айтқанда, көкпар, бәйге, қыз қуу ойындары жиналған жұрттың делебесін қоздырды.
 null

 Биылғы Наурыз мейрамындағы сайыстың ерекшелігі алғашқы рет тай жарысы мен қысқа қашықтықтағы ат жарысы өтті. Сондай-ақ, қонақтар жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу,  тазы-төбет жарысы, қошқар көтеру сынды сайыстарды тамашалады. Ұлттық ойындар да шет қалмады, әсіресе, ұмыт бола бастаған шөген ойыны алғаш рет көрсетіліп, көпшілікті тамсандырды.  Бүркіт салу сынды құсбегілік өнер көрсетілді. Көкпар жарысының ақтық сыны өтті. Ақтық сайыста  Қазығұрт пен Шымкенттің шабандоздары жарысып, нәтижесінде Шымкент қаласының құрамасы 1-орынды иеленді. 2-орын Қазығұртқа, 3-орын Түлкібас, 4-орын Мақтарал ауданына бұйырды. Ал асық ату сайысында Қарабаев Алмастың асығы алшасынан түсті. Марапаттау сәтінде үздіктерге бағалы сыйлықтар ұсынылды.

null null null null 

null null
null
null 

Соңғы жаңалықтар