Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі мұнай өнімдері қоймасындағы өрт әлі ауыздықталмай отыр. Бес жарым сағатқа созылған жалын бір сөніп, бір жанып жатыр. Қазір алапат өртті төтенше жағдай қызметінің тікұшағы әуеден бақылай бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметінің соңғы мәліметінше, жалынды ауыздықтауға 35 техники мен  100 тонна су жеткізген поезд қолданылуда.  Жергілікті билік тарапынан 6 су тасушы көліктері жетті. Өрт сөндіруге 200-дей адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек жедел құтқару жасағы мен жедел жәрдем, полиция, газ мекемелерінің қызметкерлері бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекованың сөзіне қарағанда, өрт шыққан кезде сыйымдылығы 3 мың текше метрлік резервуарда 1,5 мың тонна бензин болыпты. Қазір өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оның қай уақытта ауыздықталатыны да белгісіз күйінде қалуда.

Айта кетейік, бүгін таңғы 7.51 шамасында «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ның қоймасынан өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапқан еді. Марқұм болған 46 жастағы азамат осы қоймада оператор болып жұмыс істеген.

7 6 4 2 1 3 5 

Соңғы жаңалықтар