Шымкенттегі қағаз шығаратын жалғыз зауыт шикізат тапшылығынан тоқтап тұр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 4 жылдан бері қағаз шығаратын жалғыз зауыт шикізат тапшылығынан тоқтап тұр. «Ақ Барыс», «Бәйтерек» сауда таңбасындағы кеңсе қағаздарын шығаратын кәсіпорын бастапқыда шикізатты Қытайдан алдырған. Кейіннен Ресей мен Фин елінен тасымалдаған. Дегенмен бұл әрекеттер өндірісте кеткен шығынды ақтамапты. Оның үстіне өткен жылы АҚШ долларының қымбаттап, теңгенің құнсыздануы серіктестіктің жұмысын тоқтатуға мәжбүр еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

Өндірісі тұралап қалған «Қағаз шаһары СЭЗ» серіктестігінің басшылығы өткен жылы тығырықтан шығудың жолын өздігінше қарастырды. Дүниежүзінің бірқатар мемлекеттерін аралап, қағаз шығару технологиясын зерттеп шыққан кәсіпорын қызметкерлері қағаз шығаруға қажет қарасора өсімдігін егуді қолға алды. Қара күзде 50 гектар жерге егілген өсімдікті жинап алған зауыт қазір сораның сабанынан қағаз шығаруды жоспарлап отыр.

null

Бұл шикізат кеңседе қолданылатын қағаз құнын екі есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сала мамандары сондай-ақ бұл өсімдікке дүниежүзінде сұраныс көп екенін айтады. Өйткені қарасорадан тамақ өндірісі, фармацевтика, косметология, тоқыма, құрылыс саласына қажет 25 мың түрлі зат дайындалады. Ал, талшығы кілем өндірісіне қажетті жіп ретінде де өңделеді. Сондықтан серіктестік биылғы жылы егістік көлемін арттырмақ.

null

«Қазақстанда орман немесе бамбук шаруашылығы жоқ. Ал, қарасора өсіру барлық жағынан тиімді. Әрі бұл өсімдікті қазір шетелдіктер де сұрап жатыр. Брендтік киімдер шығаратын компаниялар да оны көріп, бізбен келісімшартқа отырды. Биыл 600 га алқапқа осы өсімдікті егуге дайындалып жатырмыз»,-дейді «Қағаз шаһары СЭЗ» ЖШС-нің арнайы өкілі Бауыржан Манатов.

null

Десе де өндірісі бір жылдан бері тоқтап тұрған зауытқа инвестиция қажеттілігі туындаған. Кәсіпорын басшылығы отандық қағаз шығаруға атсалысқысы келетін инвестор болса өндірістің жанданып кететініне сенімді.

null 

Соңғы жаңалықтар