Шымкенттегі дендробақтың жанынан адам сүйектері табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі дендробақтың жанынан адам сүйектері табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, мүрделер дендробақ жанындағы тұрғын үйлер маңынан табылған. Оларды сол маңда жер қазып жатқан экскаватор жүргізушісі байқаған. Сөйтіп полицияға хабар берген. Әзірге онда қанша адамның сүйегі бары және онда қанша жылдан бері жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ.
null

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, осы оқиға бойынша әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері тексеру шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы тиісті сараптамалар қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. 

Фото: ТВК телеарнасынан алынған

Соңғы жаңалықтар