Шымкентте жылыту маусымындағы қауіпсіздік мәселесі жіті бақылауға алынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қауіпсіздік бойынша құрылған арнайы топ қала тұрғындармен кездесулер өткізуде. Қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің басшылары төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге үйлер мен көшелердің, орамдардың басқарушыларымен газ қауіпсіздігі бойынша жиналыс ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қалада соңғы төрт күнде 7 адам, оның ішінде 4 бала иістен уланып қайтыс болған еді. Осыған орай кеше қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел кеңес өтіп, арнайы мобильді топ құрылды. Бүгін осы топ мүшелері халықпен кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалау, апатты жайттардың алдын алу жайын түсіндіріп кетті.

Жиын барысында анықталғаны, соңғы уақытта аймақта техникалық қызмет көрсетушілер мен мұржа тазартып берушілер саны артқан. Олардың қызмет құны 800-ден 2500 теңгеге дейін болады. Дегенмен, мамандар газ құбырын тексере бермейді екен. Сондықтан, тұрғындарға тек көрсетілген қызмет үшін ғана ақы төлеу қажеттігі айтылды. Ал, қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарайтын компания басшыларына жергілікті әкімдіктер тарапынан ескертулер жасалды.

«Кім газ пештері мен мұржаларды тексеру актісіне қол қойса, сол адам жауапты болады. Тіпті адам өліміне алып келген апатты жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын еске саламыз» делінген ескертпеде.

Соңғы жаңалықтар