Шымкентте жүк көлігінің кесірінен 400 үй көгілдір отынсыз қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүк көлігінің кесірінен 400 үй көгілдір отынсыз қалды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше фура көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соғып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 желтоқсан күні сағат 19.40 шамасында Сайрам мен Белинский көшелерінің қиылысында фура орташа қысымдағы газ құбырын соғып кетті.  Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Көгілдір отынды таңертең ғана қосуға мүмкіндік бар.  Осыған байланысты Шымкент қаласының əкімдігі мен "КазТрансГаз Аймақ" ОҚОФ барлық тұрғындарға шаруашылықта қолданыстағы газ құрылғыларын сөндіріп қоюды сұранады. Қайта қалпына келтірілген кезде тұрғындарға қосымша хабарлайтын болады» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар